Павлодар облысында мотокөлік жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

Павлодарское ауылында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші мотокөлікті басқарып келе жатып, жоғары кернеулі электр бағанасына соғылған. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болу және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау қажеттігін ескертеді.