Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қараша күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • И. Байзақов көшесі, 314;
  • М. Горький көшесі, 55;
  • Р. Люксембург көшесі, 102;
  • Достоевский көшесі, 86;
  • И. Байзақов – М. Горький – Бұқар жырау – Р. Люксембург көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.

Сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін:

  • Павлов көшесі, 50;
  • Катаев көшесі, 11, 11/1, 11/2.