Павлодарда әзілқой тәрбиешілер жиналған балабақша аталды
Финалдық кезеңде сегіз команда өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен Ж. Ташенов атындағы метепте қалалық мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері арасында жайдарман ойындары өткізілді. Шешуші кезеңде сегіз команда өнер көрсетіп, екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезең сәлемдесу болса, екінші кезеңде тәрбиешілер бейнеролик бойынша жарысты.
– Өте керемет ойын болды деп есептеймін. Түрлі күлкілі әзілдер, қызықты ойын өрнегін көрсеттіңіздер. Сол үшін жас мамандар мен апайларға алғысымды білдіремін. Өзіміз де кезінде осындай сахнада қалалық, облыстық кезеңдерде өнер көрсеткен болатынбыз, – деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Ойын барысында командалардың бірінде мекеме басшысы өнер көрсетсе, біреулері балабақшадағы өмірлік жағдайларды сахналады. Енді бірі көшедегі жіттердің образында шықты.
Байқау қорытындысы бойынша үшінші жүлделі орынды № 104, 7, 8 балабақшалар, екінші орынды № 30 және № 120 балабақшаларының тәрбиешілері иеленді. Бірінші орынды Кенжекөл ауылының № 20 балабақшасы мен № 44 балабақша алды. Ал ең үздік команда атағын - № 46 сәбилер бақшасы иеленді.