Павлодар облысында талантты балалар үшін шығармашылық фестиваль өтеді

Павлодар облысында талантты балалар үшін шығармашылық фестиваль өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының білім беру басқармасы 26 ақпаннан бастап 1 наурыз аралығында «вокал», «хореография», «аспаптық орындау», «әңді ыммен орындау» номинациялары бойынша «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңіне қатысу үшін онлайн-өтінімдерді қабылдау туралы жариялайды.

– Бұл фестивальде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар 2 жас ерекшелік тобында қатысады: кіші топ 10-12 жас аралығындағы балалар, ересек топ 13-16 жас аралығындағы балалар,– деді басқармада. 

Барлық сұрақтар бойынша білім беру ұйымдарына немесе 32-60-02 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.