Екібастұзда жұмысшы биіктіктен құлап кетті

Екібастұзда жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда 15:36-да «Богатырь транс» ЖШС-нен биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті.

– 54 жастағы ер адам өндірістік жарақаттар алған. Ол ауыр дәрежедегі мидың жабық жарақаты, мидың зақымдану диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді станцияда. 

Павлодар облысының еңбек басқармасының хабарлауынша, алтыншы разрядты электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрик темір ұстасы жұмыстарды орындау кезінде  2,5 метрден құлаған. Жазатайым оқиға бойынша тергеу ашылды.