Павлодарда жасөспірімдер құтқару бекетіне жеткізілді
Кәмелетке толмаған балалар жағажайда үлкендердің қарауынсыз жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ТЖД жедел құтқару жасағы мен полиция қызметкерлері, көліктік бақылау инспекторлары бірлесіп, қаланың су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізуде.
– Ертіс жағасында жүргізілген рейд кезінде ересектерсіз жүрген балалар табылды. Кәмелетке толмағандар судан құтқару бекетіне жеткізіліп, кейін ювеналды полиция қызметкерлеріне тапсырылды, – дейді ТЖБ баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ рейд барысында су ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412 және 364-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.