Павлодардағы белгілі әулет өкілі Қазақстанға жеңіс әкелді
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан футболшыларымен ойнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Матч Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті. Қазақстан U-15 құрамасының ойыншылары бірден еуропалық футбол көрсетуге кірісті. Есепті павлодарлық Давид Заречный ашты. Содан соң қазақстандықтар тағы үш гол соғып, қақпасына бір-ақ гол жіберді. Нәтижесінде 4:1 – Қазақстанның жеңісі. 18 қарашада біздің ұлдар Бішкекте тағы да алаң иелерімен ойнайды.
Айта кетейік, Давид Заречный – «Ертістің» бұрынғы белгілі ойыншысы Константин Заречныйдың ұлы, ол өз кезегінде павлодарлық «Трактордың», «Екібастұздың» және Алматылық «Қайраттың »аңызға айналған ойыншысы Виктор Заречныйдың ұлы.
Өз кезегінде, Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу турнирінің иелері – Нидерландыға қарсы іріктеу шеңберінде екінші матч өткізді. Өкінішке орай, павлодарлықтар Тамерлан Ағыманов пен Ілияс Әбілмен команда қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Үшінші және шешуші матчты қазақстандықтар 18 қарашада сағат 19.00-де Словенияға қарсы өткізеді.