Талайды таңқалдырған команда Павлодарда ойнайды
Ол футболдан Қазақстан Премьер-лигасында көш бастап келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әңгіме Петропавлдың «Қызылжары» туралы. Солтүстік команданың көшбасшылығы көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Алайда мәселеге үңіле қарасақ, оның соншалықты тосын сый еместігіне көз жеткізуге болады.
Біріншіден, «Қызылжардың» былтырғы чемпионатта 10-орын алғанына қарамастан, команда еурокубоктарда жақсы ойнады. Конференциялар лигасында «Осиекті» тізе бүктіргеннен соң, қызылжарлықтар «АПОЭЛ»-ге соңғы сәттерде ғана есе жіберді.
Былтырдан бері команданы қазақстандық бапкерлердің жаңа буын өкілі – Әли Әлиев жаттықтырады. Алматы футболының түлегі (наурыз айында ҚПЛ үздік бапкері) командаға есепшіл, қорғанысты басты назарда ұстайтын футболға баулуда. Онысы әзірше сәтті жүзеге асырылуда: команданың сүйікті есебі 1:0. Осы нәтижемен команда бес ойынның төртеуінде жеңіске жетті. Енді бір кездесуде «Қызылжар» сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен ұтты. Бұл да үлкен сюрприз болды.
Маусым аралық үзілісті Әли Әлиев Бразилия, Хорватия, тіпті Бельгиядан ойыншылар шақыртты. Олардың бастылары Рафаэль Сабино, Лука Имнадзе, Иван Граф пен Брайан Ван Ден Богарт.
Бір қызығы, «Қызылжар» биыл Павлодарда ойнап үлгерген. Алаң қожайындары мәртебесінде олар «Мақтааралды» қабылдап жеңіске жетті. Осы жолы қалай болары белгісіз.
«Ақсу» - «Қызылжар» кездесуі ертең сағат 15:00-де басталады. Кіру тегін.
Фото: ашық дереккөздерден