Павлодардың жас футболшылары Екінші лигада ойнайды
Команданың жаттықтырушылар штабы құрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл павлодарлық «Ертісі» Қазақстан футбол Премьер-лигасына шығуының арқасында оның жастар командасы Екінші лигада ойнау құқығына ие болды. ҚПЛ ережелеріне сәйкес, барлық элиталық дивизион қатысушылары өз фарм-клубтарын Қазақстан футболының төменгі дивизионына шығаруы керек.
«Нәтижесінде, жастар командасы биыл Екінші лигада өнер көрсетіп, өскелең ұрпаққа жоғары деңгейде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады», - деп жазды клуб өкілдері Instagram-дағы ресми мәлімдемесінде.
Тәжірибелі Асхат Мұсатаев бас жаттықтырушы болып тағайындалды, оған Темір Байсуфинов, Андрей Буланович және Даниил Никаноров көмектеседі.