Павлодарлық футболшылар алғашқы ойынын өткізді

«Ертіс» Ташкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында тәжіктің «Регар-ТадАЗ» командасымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Команда мынадай құрамда алаңға шықты: Калмыков, Сүйімбаев, Орынбасар, Нұрәлі, Добай, Попов, Красотин, Ағыманов, Нұрғалиев, Воменко, Герасимов. Ойын 1:1 есебімен аяқталды, гол авторы Абай Қасайын.
- Матч оңай болмады. Жігіттер мінез танытты, ақырындап команданың ойын үлгісі көрініп келеді. Жастар сенімді әрекет етті, мачтан матчқа шеберліктері шыңдалады. Әрине, бізге әлі көп жұмыс жасау қажет. Бұл тек алғашқы бақылау ойыны, - деді команда ойыншысы Руслан Есімов.
25 ақпанда «Ертіс» өзбектің «Сурхан» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын сағат 13.00-де басталады.