Павлодардың кейбір көшелерінде шілденің соңында су болмайды

Павлодардың кейбір көшелерінде шілденің соңында су болмайды
Фото: pexels.com / Pixabay

Парковая 35 мекенжайындағы магистральді су құбырында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 шілде сағат 9:00-ден 31 шілде сағат 9:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша сумен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:

  • Н. Назарбаев даңғылы, 282/3, 282/4, 282/5;
  • Усолка көшесі, 62/1, 74/1, 74/3, 97, 99, 101;
  • Каз.Правда көшесі 16, 20, 24, 26, 60;
  • Катаев көшесі, 52 – №43 балабақша;
  • Каз.Правда көшесінің бойымен Назарбаев даңғылынан Ворушин көшесіне дейін жеке сектор; 
  • төмен қысымда Қамзин көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін қаланың шығыс жағы.

Кәсіпорын қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрауда.