Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Салтыков-Щедрин – Архангельская – Малайсары батыр – Дальневосточная көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Победа алаңы көшесі, 1 (Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы, теннис корты);
Сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін:
- Победа алаңы көшесі, 3, 3/1 (№11 орта мектебі), 5 (қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы), 5Б (облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы), 5/1 (облыстық аумақтық және азаматтық қорғанысының жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқармасы).
Сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін:
- Зеленстрой шағын ауданы;
- 11-ші желі көшесі, 11-47-үйлер;
- Нұржанов көшесі, 1-47-үйлер;
- Сұлтанов көшесі, 1-43-үйлер;
- Дөнентаев көшесі, 2-38-үйлер.