Павлодарлық дәрігерлер атеросклерозды инновациялық емдеудің әдістерін меңгерді

Павлодарлық дәрігерлер атеросклерозды инновациялық емдеудің әдістерін меңгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шеберлік сабақты ресейлік ақ халатты мамандар өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірімізде алғаш рет тамыр хирургиясы бөлімшесінің мамандары Павлодар кардиологиялық орталығында тамырішілік атероэктомия бойынша бірегей шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараны Сургут округтік клиникалық ауруханасының интервенциялық радиология бөлімінің меңгерушісі Павел Кан басқарды.

– Тамырішілік атерэктомия – бұл стентинг және ангиопластика сияқты дәстүрлі технологиялар тиімсіз немесе мүмкін болмаған кезде, аяқтың және диабеттік табанның атеросклерозының ауыр түрлерімен ауыратын науқастар үшін қолданылатын заманауи процедура, – деді каридоорталықта.

Атерэктомия қан тамырының ішкі қуысын жабатын атеросклеротикалық түйінді тамыр қабырғасына жай ғана қысып қоймай, оны толықтай кесіп алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл үшін кескіш элементтері бар арнайы катетерлер қолданылады, олар түйінді механикалық түрде бұзып, толық алып тастайды.

Әдістің минималды инвазивтілік, науқастың тез қалпына келуі, асқыну қаупі төмен, көрінетін тігістер мен тыртықтардың болмауы сияқты артықшылықтары бар.

Тамырлы хирургия бөлімшесінің мамандары өткізген шеберлік сабақ қан тамырлары ауруларының ауыр түрлерін емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеуде маңызды оқиға болды.

– Бұл соңғы жарты жылда үшінші рет өткізіліп отырған мұндай семинар, қан тамырлары хирургтарының үздіксіз кәсіби біліктілігін арттыруға және озық медициналық технологияларды енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді, – деді орталық мамандары.

Аталмыш процедуралар міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы аясында жүргізіліп, заманауи әдістер пациенттердің кең ауқымына қолжетімді болғанын атап өткен жөн.