Ақсуда терезеден құлаған бала қайтыс болды

Ақсуда терезеден құлаған бала қайтыс болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақ желеңділер баланың өмірін сақтап қалу үшін барын салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

—  Ақсу қаласында үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін кеше облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, бала операция кезінде қайтыс болды. Алған жарақаттары өте ауыр, - дейді дәрігерлер.

Айта кетелік, жыл басынан бері Павлодар облысында  балалардың терезеден құлауының үш жағдайы яғни Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында тіркелді. Оның біреуі өліммен аяқталды.