Павлодарлық футбол жанкүйерлері Чемпиондар лигасының матчын тікелей тамашалай алады
Ол үшін небәрі 450 шақырым өту қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қайрат» футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 желтоқсан күні сағат 20:30-да Астанадағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің маңызды матчы өтеді. Бұл ойында қазақстандық команда Грекия чемпионы – «Олимпиакос» клубын қабылдайды.
– Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады, – делінген хабарламада.
Билеттерді Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.