«Ертістің» бұрынғы жаттықтырушысы «өсті»

«Ертістің» бұрынғы жаттықтырушысы «өсті»
Фото: Ольга Бугаева

Қайрат Нұрдәулетов өзіне тез арада жұмыс тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Премьер-лигада өнер көрсететін Көкшетаудың «Оқжетпесін» тізгіндеді. Көкшелік команда биылғы жылы элиталық дивизионның негізгі ньюсмейкері болып табылады. Бірінші айналым аяқталмай жатып, Андрей Ферапонтов бастаған команда турнирлік кестеде бесінші болды.

Бірақ «Астанадан» жеңілгеннен кейін клубта «Оқжетпестің» бұрынғы бапкері қарсыласына «көмек» көрсетті деген қауесет тарай бастады. Ойынға бір сағат қалғанда Андрей Ферапонтов қақпаға Қажымұқан Төлепбергеннің ізбасары Данил Подымскийге сеніп тапсырды. Кейбіреулердің айтуынша, бұл көкшетаулықтардың ірі жеңіліске ұшырауына әсер етті.

Нәтижесінде клуб Андрей Ферапонтовпен қоштасып, орнына тез арада Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды.

«Ертіске» келсек, команда 4 шілдеде Алматыда «Хан-Тәңірімен» ойнайды. Бірінші лига чемпионатында павлодарлық команда үшінші орында.