Павлодарлық мектепке алматылық университет сый жасады
Бұл сыйлық балалардың геология ғылымына деген құштарлығын ашуға себепші болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алматыдағы Қ.И.Сәтбаев атындағы университеттің геология кафедрасынан Баянауыл ауданы Қаражар жалпы білім беру мектебіне құнды сыйлық келді. Ол сәлемдемеде минералды тау жыныстары мен көптеген тастар, ғылыми әдебиеттер, портреттер салынған.
– Бұл сыйлықты өздеріңіздің жерлестеріңіз, ғалым, тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев аталарыңыздан мектеп оқушыларына сыйлық, – дейді Қ.И.Сәтбаев атындағы университеттің ректоры Мейрам Бегентаев.
Мектеп басшылығы ерекше құнды сыйлықтың әр оқушының геология ғылымына деген қызығушылығын арттырып, ғалым атамыз ұстаған тастардың қасиеті қабілеттерін ұштарына сенімді.
– Атамыздың мұрасын оқушылармыздың білімін арттыруға қолданамыз деп, сөз береміз. Тау жыныстарын қолмен ұстап, көзбен көріп, шынайы сезінуге мүмкіндік берген университеттегі ғалым ағаларымызға мектеп ұжымы атынан ерекше алғыс айтамыз, – дейді Баянауыл ауданы білім бөлімінің басшысы Мереке Абдыкаримов.