Павлодарлық жас өнертапқыштар робот құрастырып, ақшалай сертификат ұтты

Павлодарлық жас өнертапқыштар робот құрастырып, ақшалай сертификат ұтты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға «LEGO» кубок  пен медальдар табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, Алматыда «Tech Cup Almaty» робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионаты өтті.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен 6-22 жас аралығындағы 2500-ден астам оқушылар мен студент қатысты.

Жас өнертапқыштар роботтар мен дрондармен ойынында жарысып қана қоймай, «өнердегі ғылыми инновациялар» тақырыбында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

Робототехника бойынша өткен «Techcup Алматы қаласы әкімінің кубогы» халықаралық чемпионатында «First Lego LEAGUE EXPLORE» дүниежүзілік бағыты аясында Павлодар облысынан «Ренессанс» командасы үшінші орынға ие болды. 

Командада құрамасында павлодарлық Қайсар Қайыржан, Эльдар Кавана, Элеонора Гейер оқушылар болды. Олар «Programming Award»  және «Champion's Finalist Award» екі номинациясына ие болды және «LEGO» стиліндегі бірегей кубокпен және медальдармен марапатталды. Әрқайсысына 300 мың теңге ақшалай сертификаттар берілді.