Павлодарлықтардан гранттар бағдарламасына тездетіп өтінім беруді сұрайды
Өтінімдерді қабылдау 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13.00-де аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хат келді.
– Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушылар арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарттары – өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қатысуы, он пайыздан қоса қаржыландыру қаражаты енгізіледі, – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты «Атамекен» Павлодар ӨКП-нан алуға болады.
Гранттық бағдарламалардың мақсаты – жасанды интеллектті дамытуға және жаңа технологияларды әзірлеу жолымен өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге, зертханалық масштабта (модельдік фабрика) өндірістік процестерді модельдеуге және жетілдіруге, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау мен әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру.