Павлодарлық айтыскер республикалық жыр додасында жүлделі болды

Павлодарлық айтыскер республикалық жыр додасында жүлделі болды
Фото: ашық дереккөзден

Мәрес Байрон  «Күміс домбыра» республикалық жас ақындар айтысында 1-орынға ие болды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, жыр додасы Шымкент қаласында осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. 

- Биылғы «Күміс домбыра»  республикалық жас ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен барлығы 16 ақын қатысты. Оның  ішінен алты ақын сурылып ақтық мәреге өтті. Үздіктер қатарынан павлодарлық  жас ақын Мәрес Байрон да табыла білді, - делінген хабарламада.

Мәрес Байронның өнерін қазылар алқасы екі кезеңде де жоғары бағалаған. Жас ақындардың өнеріне елімізге танымал  айтыскерлер Бекарыс Шойбек пен Еркебұлан Қайназар бастатқан ақындар төрелік еткен. 

- «Күміс домбыра» айтысына біздің өңірден ақын алғаш рет қатысып отыр. Әрі жүлделі орыннан көрінуі үлкен қуаныш, - деді басқармадағылар. 

Айта кетелік, түркістандық  Аян Ниязбек «Күміс домбыра» иегері атанды.