Павлодарда «Қыз Жібекті» сомдаған театр әртісі кездесу кешін өткізбек

Павлодарда «Қыз Жібекті»  сомдаған театр әртісі кездесу кешін өткізбек
Фото: @aimauytov_teatry

Талжібек Атамбектің театр сахнасында жүргеніне 34 жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

29 қаңтарда сағат 12:00-де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыка-драма театрының әртісі, ҚР мәдениет қайраткері Талжібек Атамбектің 60 жасқа толуына орай «Театр тағдыр тұмарым»  атты әдеби музыкалық кеші өтеді. 

Талжібек Атамбек 1964 жылы 26 қаңтарда  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Лесновка ауылында дүниеге келген. 1981 жылы орта мектепті аяқтағанан кейін, Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және көркемсурет институтына оқуға түседі. 

Ал 1986 жылы тәмәмдағанан кейін, Серке Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық музыка- драма театрының бас режиссері Жанат Хаджиевтің арнайы шақыруымен осы театрда алғашқы қызметін бастайды. 1990 жылы Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ашылуына орай, осы өнер шаңырағына, алғашқылардың бірі болып қызметке шақырылады. 

Театр сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектакліндегі  – Айман, Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» операсында - Жібек, Әбділдә Тәжібаевтың «Майрасында» - әнші Майра, И. Кальманның «Сильвасында» - Сильва, Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасында Гүлбаршын,  А. Царелидің «Ханумасында» - Ханума, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланында» - Қорлан т.б.  көптеген рөлдерді шебер орындаушылықпен театр сахнасында сомдап, сахнадағы образдарын табиғи әдемі дауысымен көрермендердің жүрегіне жол тауып жүр.

Сонымен қатар, театр әртісіне байланысты жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылады.