Павлодарда суретші ұстаздың көрмесі өтуде
Көрме Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Музейде суретші ұстаз Наталия Решетованың «Түстер поэзиясы» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті.
Наталья Решетованың шығармашылық туындылары Қазақстанда және шетелдік жеке коллекцияларда сақтаулы. Суретші – көрмелердің белсенді қатысушысы, байқаулар мен конкурстардың жеңімпазы.
– Күннің алғашқы сәулелері, гүлденген қызғалдақ бүршігі, қызықты адамдармен кездесулер және саяхаттар суретшіні шабыттандырып, шығармашылығы үшін жаңа дем беріп, қуаттандыратын әсерлерді әкеледі. Наталья Владимировнаның кескіндемесі шілтері сияқты өте нәзік және мөлдір, – деді музейде.
Экспозицияда түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған 60-тан астам кескіндеме, акварель және сәндік-қолданбалы өнер туындысы көрермендердің назарына ұсынылған.
Көрме 2023 жылдың 24 ақпанынан 12 наурызына дейін жұмыс жасайды.
Айта кетейік, Наталья Владимировна Решетова Павлодар қаласында 1975 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Павлодар қаласының №1 Балалар көркемсурет мектебін тәмамдап, 1990-1994 жылдары Новоалтайск мемлекеттік көркемсурет училищесінде білімін жалғастырды.
2003 жылдан бастап Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубында кескіндеме, сурет икомпозициясынан сабақ береді. Жұмыс өтілі – 20 жыл. Шәкірттері жоғары деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
Наталья Владимировна оқытушылық қызметімен қатар пейзаж, портрет, натюрморт, сюжеттік композициялар сияқты бағыттарды суретші ретінде май, акрил, акварель, батик, жүннен киіз басу, жиһаздарды және ғимараттардың ішкі интерьерін безендіру сияқты түрлі әдістерді шебер меңгерген.
Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубында 2020 жылы суретшінің мерейтойлық көрмесі, ал 2021 жылы әріптесі, көркемсурет мектебінің ұстазы Лариса Кузнецовамен бірге «Акварель музалары» атты акварель шығармаларының көрмесі өтті.