Павлодарлық ақын Пушкин медаліне ие болды

Павлодарлық ақын Пушкин медаліне ие болды
Фото: Константин Шелков

Осы мемлекеттік марапат ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін жақындастыру мен өзара байытуға қосқан зор үлесі, отандық әдебиет пен өнерді шетелде танымал етудегі белсенді қызметі үшін тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сыйды павлодарлық ақын, Марина Цветаева мұражайының директоры Ольга Григорьева Ресей консулының қолынан алды. Салтанатты жиын Новосибирск облысының мәдениет күндері аясында өтті.

– Сіздің қалаңызға қайта келгеніме өте қуаныштымын. Алғашқы сапарымнан кейін қала мен облыс тұрғындарынан өте жақсы әсер алдым. Көрнекті, қызық, зерделі, ақылды, еңбекқор бабалардың рухына құрметпен қарайтыныңыз үшін жоғары бағалаймын, – деді Ресей Федерациясының Бас консулы Алан Хетагуров Өскеменде. 

Ольга Григорьева марапатты қабылдап, әріптестері мен жерлестеріне алғысын білдірді.

– Осы сыйымыз – біздің тату мұражай қызметкерлерінің және Цветаева іс-шараларымызға келетін барлық павлодарлықтардың еңбегі, – деп атап өтті ақын. – Марапаттау рәсімінің Новосибирск облысының мәдениет күндерінің ашылу күніне орай өткеніне екі есе қуанамын, өйткені Новосібірде туып, 14 жасқа дейін сонда тұрдым. 

Сөзінің соңында Ольга Григорьева мұражайдан Анастасия Цветаеваның бұрын жарияланбаған бірегей материалдары бар жаңа кітабын консулға сыйға тартқан.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы, мәдениет саласының өкілдері атынан келген қонақтарға алғысын білдірді. 

– Көршілеріміздің бізге келуі, мәдениетімен бөлісуі, әр өңірде бар өз әзірлемелерімен және кәсіби дағдыларымен алмасуы маңызды. Бұл болашақта тату көршілік, лайықты қарым-қатынастарымызға қызмет етеді деп ойлаймын, – деді Илья Теренченко.

Виктор Поликарпов ресейлік және олармен бірге келген қазақстандық дипломаттарға «Путешествие на Восток» деген басылымын сыйға тартты.

Ал Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың ұлы Марат өз әкесі туралы «Жизнь замечательных людей» кітабын ұсынды. Жауап ретінде ресейлік қонақтар Ресей мен Қазақстан арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін фотографтар Олег Городецкий мен Александр Пархоменкоға, Славян орталығының құрметті төрағасы Татьяна Кузинаға, Павел Васильев үй-мұражайының директоры Закия Мерцке және басқа да көрнекті қайраткерлерге алғыс хаттар табыс етті.