Декреттегі аналар, кәсіпкерлер: Павлодарда жаңа жұлдыздар жарқырайды

Декреттегі аналар, кәсіпкерлер: Павлодарда жаңа жұлдыздар жарқырайды
Фото: Константин Шелков

Сондай-ақ зауыт қызметкерлері бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Колос» балалар мәдени-демалыс орталығында «Cover karaoke PVL-2» халықтық қалалық байқауының финалы өтті. 

Аталмыш іс-шара жергілікті таланттардың өнерлерін халыққа паш ету мақсатымен ұйымдастырылған. Әділ қазылар алқасы ретінде белгілі продюсер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері Алтынбек Рахметов, шығармашылық А-академиясының жетекшісі, әнші, композитор Виктория Амилунова, Естай атындағы мәдениет сарайы балалармен жұмыс жөніндегі бөлімшесі «Апельсин» вокалдық студиясының жетекшісі Лариса Томенденко, Естай атындағы мәдениет сарайының солисі Нұрым Нұрғали, «Topjargan», «Junior Eurovision», «Екі жұлдыз» жобаларының телевизиялық продюсері Алмас Түсіпов тағайындалды.

– Бұл ұмытылмас оқиға болды, өйткені барлық қатысушылар жақсы дайындалып, өз өнерлерін жоғары деңгейде орындады. Олардың әрқайсысы өз дарынымен біздің жүрегімізді жаулап алды, – дейді жарыс ұйымдастырушысы Алтынай Ержанова. 

Жарыс қорытындысы бойынша финалға сегіз адам өтті. Барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

Алдағы уақытта финалистермен үлкен жұмыс кезеңі басталады. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған әндер жеребесі өтеді. Жүлдегерлер музыкалық тосынсый дайындайды.

Айта кетейік, жеңімпаздар 21 шілде күні «Ertis Promenade» концерттік алаңында қала күніне арналған мерекелік кеште өнер көрсетеді.