Павлодарлық боксшы халықаралық турнирде қола жүлде алды

Павлодарлық боксшы  халықаралық турнирде қола жүлде алды

Бокстан халықаралық турнир Балқаш қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, турнирге Армения, Грузия, Әзербайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің боксшылары қатысты.

Аталған байқауда Павлодар қаласы білім бөлімі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Алаш» бокс секциясының тәрбиеленушісі Ілияс Мұратов турнирдің қола жүлдегері атанды.

– Ілияс сегіз жылдан астам бокспен айналысады, аймақтық, республикалық, халықаралық турнирлер мен жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, – дейді басқармада. 

Жаттықтырушысы – КСРО және Қазақстан спорт шебері, жоғары санатты педагог Ертай Хайруллинұлы Жәменкенов.