Павлодарда балабақшаларға балаларды жазғы қабылдау қашан басталады?

Павлодарда балабақшаларға балаларды жазғы қабылдау қашан басталады?
Фото: pexels.com / Natalie Bond

Ағымдағы жылы мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға бес мыңнан астам орын бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-аналар 1 тамыздан бастап балаларын қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына бере алады.

1 тамыз күні мектепалды даярлық топтары бар балабақшаларда 2019 жылы туған балаларға 175 орын бөлінеді. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын топтарға 77 орын және орыс тілінде оқытатын топтарға 98 орын бөлінеді. Сондай-ақ 2020 жылы туған балаларға арналған үлкен топтарда 280 орын бөлінеді. Оның ішінде 174 орын қазақ тілінде оқытатын топтарда және 106 орын орыс тілінде оқытатын топтарда ұсынылған.

2 тамыз күні 2021 жылы туған балаларға арналған балабақшалардың орта топтарында 1293 орын бөлінеді, оның ішінде 679 орын қазақ тілінде оқытатын топтарда және 614 орын орыс тілінде оқытатын топтарға бөлінеді.

5 тамыз күні мектепке дейінгі ұйымдардың кіші топтарына қабылданатын 2022 жылы туған балаларға жолдама беріледі. Барлығы 1317 және 1156 орындық арақатынаста тиісінше қазақ және орыс тілдерінде 2473 орын ұсынылатын болады. 2023 жылы туған балаларға арналған ерте даярлау топтары 626 баланы қабылдай алады, олардың 416-сы қазақ тілінде оқытатын топтарда, 210-ы орыс тілінде.

Сонымен қатар, әр түрлі жастағы топтар жасақталады. 2019, 2020, 2021 жылы туған балаларға арналған топтар 2 тамыз күні балалар жиынтығын шығарады. Бұл топтардағы орындардың жалпы саны 113 бірлікті құрайды: қазақ топтарында 66 орын және орыс тілінде 47 орын.

Ал ерте жастағы топтарға (2022-2023 жылы туған) қабылданатын балалар 66 орынға үміткер бола алады, оның 40-ы қазақ тілінде оқытатын топтарда, ал 26-сы орыс тілінде.

Кезек әр балабақшаға жеке салынады және мектепке дейінгі ұйымға сәтті қабылдау фактісі баланың осы кезектегі жағдайына және әр балабақшадағы бос орындардың санына байланысты болады, – деп түсіндірді ведомствода.

Осыған байланысты білім бөлімі қала тұрғындарынан әлеуметтік желілерді, сондай-ақ 1414 сервисі жіберетін SMS-хабарламаларды мұқият қадағалауды сұрайды.

Қала бойынша жазғы жинақтау кестесін осында көруге болады.