Павлодарлық информатика мұғалімдері республика бойынша үздік
Олар «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауында бірінші орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астанада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқау мектепке дейінгі мекемелерден бастап университетке дейінгі барлық деңгейдегі мұғалімдер үшін бесінші жыл ұйымдастырылуда. Биыл 1000-нан астам қатысушы болды, оның жетеуі - Павлодар облысынан. Бұған дейін олар облыстық іріктеуден өткен.
Мұғалімдер қазылар алқасының назарына өздерінің әдіс-тәсілдерімен жасалған бейне сабақтарды, практикалық немесе зертханалық жұмыстарды, семинарларды, шеберлік сабақтарын, бейне подкасттарды ұсынады.
Биыл алғаш рет бейнероликтер функционалдық сауаттылықтың 12 түріне бөлінді: оқу, математикалық, цифрлық, қаржылық, медициналық және ттағыда басқалары.
Павлодарлық мұғалімдер Антон Смурыгин мен Алена Антонованың жұмыстары «БАҚ және ақпараттық сауаттылық» аталымы бойынша республикада үздік деп танылды. Олар А.Байтұрсынов мектебінде информатикадан сабақ береді және журналистика үйірмесін басқарады.
– Мектептегі журналистика үйірмесі де біреуді қызықтыруы мүмкін деп шештік. Өйткені бұл үйірмеге келгенімізге үш жылдай уақыт болды. Бірақ біздің балаларымыз нәтиже көрсетіп жатқанын ауыз толтырып айта аламыз. Олар түрлі байқауларға қатысады, бейнероликтер түсіреді, барлығын өздері жасайды, - деді Алена Антонова «Өрлеу» орталығына берген сұхбатында.
Айта кету керек, «Математикалық сауаттылық» номинациясы бойынша үшінші орынды Чернояр орта мектебінің мұғалімдері Марина Қошқарбаева мен Светлана Токар иеленді.