Павлодарлық кәсіпкерлер ірі нысандардың құрылысына тартылады

Павлодарлық кәсіпкерлер ірі нысандардың құрылысына тартылады
Фото: Константин Шелков

Қазіргі уақытта жобалар сараптамадан өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Instagram-дағы @pavlodar_region парақшасында тікелей эфир барысында тұрғындар Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтан төрт ірі нысанның құрылысына жергілікті кәсіпкерлердің қатысу мүмкіндігі туралы сұрады.

Аймақ басшысы маңызды жобалардың жобалау кезеңінде және олардың екеуі бойынша жұмыстар аяқталғанын атап өтті.

Бірінші нысан – мұз сарайы, ол мемлекеттік сараптамадан өтті. Екіншісі – конгресс-холл. Үшінші нысан – Павлодардағы көпфункционалды спорт кешені. Сәуір–мамыр айларында біз Екібастұздағы кешен бойынша да сараптаманы күтеміз. Осыдан кейін мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланады. Оған ірі құрылыс компаниялары қатысады.

– Кейін біз ең алдымен жергілікті тауарлардың пайдаланылуын талқылаймыз. Құрылыс материалдары өз өңірімізден болуы тиіс. Инертті материалдар – қиыршық тас, құм жергілікті өндірушілердікі болуы керек. Бұдан бөлек, металл, кірпіш бар, ең бастысы, жұмыс күші жергілікті еңбек нарығынан тартылуы қажет. Мұның бәрін қала әкімдігі, құрылыс бөлімі немесе кәсіпкерлік бөлімі арқылы жүзеге асыруға болады, – деп атап өтті Асайын Байханов.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы наурыз айында 1500 орындық конгресс-холлдың құрылысы басталады. Оның құрамында екі концерт залы және төрт қанаты болады. Сондай-ақ мұз сарайының құрылысы жоспарланған, онда тіпті әлем чемпионаттарын өткізуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар үлкен бассейні мен көркем гимнастикаға арналған залдары бар көпфункционалды спорт кешені салынады. Дәл осындай кешен Екібастұзда да бой көтереді.