Павлодар облысында қант бағасы арзандады
Өңірде 2023 жылғы қыркүйек айында қан бағасы 4,6% төмендеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары тобында ет бағасының – 2,1%, оның ішінде жылқы еті – 5,1%, сиыр еті – 4,1%, қой еті – 3,4% қымбаттауы байқалды. Жұмыртқа бағасы – 1,7%, май және тоң май – 0,8%, сүт өнімдерінің бағасы 0,7% өскен.
– Көкөніс және жемістер ішінде алма бағасы – 4%, алмұрт – 1,3% қымбаттады, ал басты пияз бағасы – 22,8%, картоп – 13,9%, сәбіз – 6%, қырыққабат бағасы 3,1% арзандады. Сонымен қатар қант бағасы – 4,6%, жарма 0,3% төмендеді, – дейді департаментте.
Азық-түлік емес тауарлары бойынша қатты отын бағасы – 8,1%, киім және аяқ киім – 3,6%, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 2%, фармацевтикалық тауарлар – 0,8%, бензин бағасы 0,2% өскен.
Ақылы қызметтер көрсету саласында білім беру қызметтері бағасы – 6,9%-ға, ыстық су 3,9% қымбаттады.