Павлодарлық музейде «Жас өлкетанушылар» байқауы өтті

Павлодарлық музейде «Жас өлкетанушылар» байқауы өтті
Фото: Бұқар жырау музейі

Байқау аясында музейге Қайролла Қаженовтың жеке заттарынан көрме қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде шежіреші, өлкетанушы Қайролла Қаженовтің 70 жылдығына арналған «Қазақтың Қайрошы» атты әдеби сазды кеш өтті. Кеш барысында профессор  Амантай Жетпісұлы, ұлағатты ұстаз, профессор - Айман Файзуллақызы және ақын, өлкетанушы Бейбіт Бөжен сөз сөйледі. 

Аталмыш кеште Қайролла Қаженовтың құрметіне арналған «Жас өлкетанушылар» атты қалалық эссе байқауының марапаттау рәсімі өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға Қ.Бекхожин атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Айым Пшембаева табан тіресе, екінші орын М.Әлімбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Аубакироваға бұйырды. Бірінші орынды №21 мектептің 10-сынып оқушысы Дариға Ермек иеленді. 

Кеште Қайролла Қаженовтың қолданған заттары мен қолжазбаларынан көрме қойылды.