Павлодарда әлемге әйгілі суретші Лейла Ахмет Османның жеке көрмесі ашылады

Павлодарда әлемге әйгілі суретші Лейла Ахмет Османның жеке көрмесі ашылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстандық-америкалық суретшінің шығармашылығы мен «Lucky Turtle» бренді әлем бойынша мойындалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінің мәліметінше, көрмеде көрермендердің жүрегін тербететін және шабыттандыратын туындылар ұсынылады.

– Лейла Ахмет Осман өзіне ғана тән бірегей стилімен танымал, онда қазақ мәдениетінің элементтері мен заманауи өнер үйлесім тапқан. Оның картиналары – эмоцияға толы, үйлесімділігі мен терең мағынасы бар ерекше оқиғалар, – дейді ұйымдастырушылар.

Көрменің ашылуы 19 ақпан күні Торайғыров көшесі, 44/1 мекенжайы бойынша өтеді. Ашылу күні кіру тегін. Басқа күндері билет бағасы ересектер үшін 200 теңге, балалар үшін 100 теңге болады.

Айта кетейік, Лейла Ахмет Осман – заманауи өнердің жарқын өкілі, оның шығармалары Қазақстан мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен әлемдік көзқарасты біріктіреді. Оның «Lucky Turtle» бренді сәттілік, даналық және үйлесімділіктің нышаны болып табылады. Әрбір туынды – көрермен жүрегінен орын табатын ерекше оқиға.