Баянауыл ауданындағы бәйге жарысында көлік ұтысқа тігіледі

Баянауыл ауданындағы бәйге жарысында көлік ұтысқа тігіледі
Фото: inbusiness.kz

Ұлттық ойын Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, ұлттық спорт жарыстар Баянауыл ауданының Жаңажол ауылы, Ескелді шатқалында 12 тамыз сағат 15:00-де ат жарысы болады. Бәйгеге қалаған адам қатыса алады. Бұл спорттық шара ұлттық ат спорт түрлері бойынша федерацияның және әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.

–  Бәйгеден бөлек, көкпар жарысы мен қазақ күресі өтеді. Оған облыстың әр ауданынан келген спортшылар қатысады. Жалпы 12-13 команда қатысады деп күтілуде, – дейді облыстық Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубының басшысы Дархан Жоламанов 

Топ бәйге 20 шақырым, аламан бәйге 31 шақырым болмақ. Үшінші орынға жарты миллион, ал екінші орынға миллион теңге беріледі. Бас жүлдеге автокөлік тігіледі.