Павлодарлық онкологтар тегін кеңес алуға шақырады

Павлодарлық онкологтар тегін кеңес алуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Дәрігерлер тұрғындарды денсаулыққа уақыт бөлуге және онкологиялық мамандардан тегін кеңес алуға шақырады. 

2024 жылғы 19 қазанда (сенбі күні) сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Российская көшесі, 57/3 мекенжайы бойынша сүт безі обырын ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.

Анықтама телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.