Павлодар облысында дәрігерлер қызылшаға қарсы екпені балабақшаға барып салуда
Дегенмен ата-ананың жазбаша рұқсатынсыз балаға екпе қойылмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстың барлық балабақшаларына қызылша ауруы бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көшпелі егу бригадалары шықты. Олардың құрамына кіретін дәрігер міндетті түрде баланың температурасын өлшеп, жағдайын тексереді.
– Бригадалар күнтізбе бойынша балабақшаларға шығып отырады. Алдын ала ата-аналарға хабарлайды. Содан кейін ата-анадан жазбаша түрдегі келісім алынғаннан кейін екпе салынады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
18 жасқа дейінгі балаларға салынатын кез келген вакцинация тек ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-ана қалауы бойынша екпе салдырған күнде баласының жанында бола алады. Сондай-ақ, ата-ана екпе алудан бас тартуға немесе оны тіркелген жері бойынша емханадан алуға құқылы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалардың жұмысы жаңалық емес екенін хабарлайды. Бұған дейін де ересек тұрғындардың тіркелген жері бойынша балабақшаларда да, мектептерде де егу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қызылшадан балалардың екі өлімі тіркелген.