Павлодарлық оқушылар Президенттік олимпиадада өз білімдерін тексерді

Павлодарлық оқушылар Президенттік олимпиадада өз білімдерін тексерді
Фото: Қалалық білім бөлімі

Білім бәйгесіне жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 30-дан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен бірлесіп 29 қыркүйекте республикалық Президенттік олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. 

- Олимпиада әр түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысатын дарынды оқушыларға қолдау көрсету және жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылады. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныптың 33 оқушысы математика, физика, химия, биология жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша өз білімдерін тексерді, - делінген хабарламада.

Олимпиада шарттары бойынша қатысушылар тест тапсырмаларына жауап беріп, пәндер бойынша есептерді шешті. Нәтижесінде 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 

І орынды М.Әуезов атындағы ЖОМ оқушысы Карина Қалижанова жеңіп алса, II орынды № 2, 39 (2), 41, А.Байтұрсынұлы атындағы, С.Торайғыров атындағы орта мектептің 6 оқушысы иеленді. Ал III орынды № 5, 7, 21, 24, 25, 26, 29, 35, Ә.Бөкейхан атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептің 10 оқушысы иеленді. 

Олимпиаданың ережесіне сәйкес ең жоғары ұпай жинаған 7 оқушы қазан айында өтетін өңірлік олимпиаданың 1 кезеңіне қатысуға жолдама алады.