3 қазанда Павлодар облысында тұман болады

3 қазанда Павлодар облысында тұман болады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде 0...+5°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -3°C болады. 

Күндіз ауа райы + 10...+15°C жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Павлодарда түнде +1...+3°C, күндіз + 12...+ 14°C жылы болмақ. Жауын-шашын күтілмейді.