Павлодарлық погондағы домбырашылар «Балбырауын» күйін орындады

Павлодарлық погондағы домбырашылар «Балбырауын» күйін орындады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары үшін Ұлттық домбыра күнінің маңызы зор, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, погон таққан домбырашылар жыл сайын белгілі музыкалық композицияларды орындай отырып, өздерінің шеберлігі мен жан-жақты талантын көрсетеді.

– Биыл да бірнеше бөлімшенің тәртіп сақшылары Ұлттық домбыра күнін мерекелеу қарсаңында Құрманғазының бағалы мұрасы болып табылатын «Балбырауын» күйін орындады, – дейді департаментте.

Сондай-ақ белгілі композицияны департаменттің ақпараттандыру және байланыс басқармасы компьютерлендіру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Меруерт Сыздықова орындады. Тәртіп сақшысы домбырада ойнауды мектеп қабырғасында үйрене бастаған.  

Бейнеролик павлодарлықтардың таңданысын тудырды және көптеген оң пікірлер айтылды.  

Еске сала кетейік,  Ұлттық домбыра күні – 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)