Павлодарда 100-ден астам ұстаз қосымша білім беру мәселелерін талқылады
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Қосымша білім беру – өзін-өзі жетілдіру қадамы» тақырыбында өткен онлайн алаңға 100-ден астам Павлодар облысының қосымша білім беру педагогі қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, қосымша білім беру педагогтеріне ұсынылған диалог алаңы оларға өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, алдағы оқу жылында ұмытылмас жарқын әсер беріп, жаңа жетістіктерге ынталандырды. Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілерін талқылай отырып, секция қатысушылары қазақ халқының ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделген және «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – озық ойлы ұлт» триадасы шеңберінде жоғары адамгершілікті, адал, табысты тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында жоғары адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған келешек басымдықтар айқындалды.
– Бұл әртүрлі мәселелер көтерілген проблемалық-пікірталас алаңы болды. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің болашақ құзыреттілігін дамытуға бағытталған қосымша білім беру әдістемелері мен бағдарламаларының тиімділігін қолданудан бастап, балаларды қамтуды ұлғайту, сыни ойлау, креативтілік, цифрлық сауаттылық және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын дамыту перспективаларымен байланысты қосымша білім беру ұйымдарының желісін құру бойынша ұсыныстар әзірлеуге дейін талқыланды, – дейді білім беру басқармасында.
Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, мектептегі өзін-өзі басқару және пікірталас, «Жер елшісі» креативті жастардың бүкіл қазақстандық экологиялық қозғалысы, қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар ән фестивалі, «Ақындар айтысы» жас айтыскерлер сайысы, «Күй күмбірі», «Алтын жүрек» челлендждері сияқты республикалық жобаларда және балаларды ұлттық дәстүрлерді, өнерді зерттеуге, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеуге бағытталған басқа да іс-шараларда үлкен рухани-адамгершілік әлеует бар.
Талқылау нәтижесінде ұсыныстар әзірленді.