Павлодарда Елдос Тоқтарбай өңір жұртшылығымен кездеседі

Павлодарда Елдос Тоқтарбай өңір жұртшылығымен кездеседі
Фото: ашық дереккөзен

Кездесу Жүсіпбек Аймауытов театрында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алаштанушы Елдос Тоқтарбай  16 қыркүйек күні сағат 14:00-де Жүсіпбек Аймауытов театрында өңір жұртшылығымен кездесу өткізеді.   

Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай – балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017). 1993 жылдың 2 қаңтарында  Алматы облысының Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның филология факультетін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын тәмамдаған.

Арқалық қаласындағы көпсалалы колледжінде «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы, С.Сейфуллин музейінің Бас ғылыми қызметкері, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға сарапшысы, республикалық «Жас қазақ», «Ана тілі» апталықтары мен «Дәстүр» этнографиялық журналының Астана қаласындағы меншікті тілшісі,  халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі және  «саясат, жастар мәселесі» бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған.

Республикалық «Журналист болғың келе ме?» (2010), халықаралық «Қаламгер Азамат» (2011), халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауы (2012), республикалық Т.Рымжанов атындағы шығармашыл жастар фестивалі (2013), республикалық «Аңсар» шығармашылық байқауы (2014), республикалық «Балауса» байқауының жеңімпазы (2014, 2015). Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы» байқауының лауреаты (2016), Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының лауреаты (2017), ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияның иегері (2017).  

Естеріңізге сала кетейік, театрдың атын иеленген Жүсіпбек Аймауытов Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі әрі белсенді өкілі  болған.