Павлодар жағажайында азаматтарды қабылдау өтеді
Қабылдауды мемлекеттік органдардың басшылары өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімдігінің мәліметінше, 5 шілде күні сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары «Ertis promenade» орталық жағалауында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.
Тұрғындар полиция департаменті, әділет департаменті, облыстық басқармалар, Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі, жер қатынастары бөлімі және Павлодар қаласының мансап орталығынан кеңестер ала алады.