Павлодарлық шаңғышы Олимпиада ізіне түседі
13 қаңтарда Туринде ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ойындардың ашылу салтанаты «Пала Альпитур» аренасында өтеді. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтеді. Павлодарлық Елизавета Толмачева шаңғы жарысынан сынға түседі.
Бұл спорт түрі бойынша 32 елден 200 студент-спортшы бақ сынасады. Универсиада Елизавета Толмачева үшін мұндай деңгейдегі форумда алғаш рет қатысуы. Универсиада алтыны үшін тартыс 2006 жылғы Олимпиада ойындары өткен тарихи Праджелато План орталығында өтеді. Жарыс 15 қаңтарда басталып, шаңғышылар он шақырымдық спринттен бастайды. Астана уақытымен 16.00-де басталады.
Елизавета – Универсиадаға ұлттық құрама сапына енген жалғыз павлодарлық емес. Хоккей құрамасының сапына павлодарлықтар Олег Бойко мен Максим Павленко, сондай-ақ Екібастұз тумасы Владимир Никитин енді. Ұлттық құрама сапында он спорт түрінен еліміздің атынан 103 спортшы жарысқа шығады: биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы, сондай-ақ ерлер мен әйелдер хоккейі мен шаңғы жарысы.
Ойындар 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтеді. Ойындардың ашылу салтанаты 13 қаңтарда Астана уақытымен сағат 23.00-де басталады.