Павлодарлық соттарда азаматтық істердің басым бөлігі татуласумен аяқталады

Павлодарлық соттарда азаматтық істердің басым бөлігі татуласумен аяқталады
Фото:pixabay.com

Былтыр істердің 98,8 пайызы татуласуға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық сотында 2024 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары бойынша жалпы отырыс өтті. 

–  Облыс соттарына түскен қылмыстық істердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға азайды. Оның ішінде адам өлтіру (99-бап) 15 пайызға, меншікке қарсы қылмыстар (188, 191, 190-баптар) 9-дан 12 пайызға дейін төмендеді, – деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

2024 жылдың 12 айында облыс соттарына 2023 жылмен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер 10,3 пайызға көп түсті.   

Есепті кезең келіп түскен азаматтық істер мен талап қоюлар санының өсуімен сипатталады. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайыз, ал аяқталған істер саны 12,6 пайызға өсті.

–  Тоқтатылған азаматтық істердің 98,8 пайызы татуласуға байланысты тоқтатылды. Бұл пайыз облыс соттарымен жүргізілген татуластыру рәсімдерінің сәттілігін көрсетеді, – деді облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Әкімшілік істер бойынша 2023 жылмен салыстырғанда талап қоюлардың қанағаттандырылған пайызы 5,2 пайызға өсті.