Павлодарлық конькишілер әлемдік жарыста күміске қол жеткізді

Павлодарлық конькишілер әлемдік жарыста күміске қол жеткізді
Фото: @shvsm_pav

Олар Италияда жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Италияда өткен конькимен жүгіру спортынан юниорлар арасындағы Әлем Кубогы өтті. Павлодар облысының ЖСШМ оқушылары Арина Ильященко және Алена Лифатова командалық жарыста екінші орын алды.

Айта кету керек, павлодарлық спортшылар конькимен жүгіруден  халықаралық аренада тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетуде.