Павлодарлық студенттер қойылым қоймақ

Павлодарлық студенттер қойылым қоймақ
Фото: Константин Шелков

Бұл жас буындардың алғашқы қойылымы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Ғибрат студенттік шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2 мамыр күні сағат 17:00-де Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауықтыру орталығында «Тастамашы, анашым» премьерасы өтеді. 

– Театрымыздың көркемдік жетекшісі Арайлым Сүндеттің жетекшілігімен Сая Еркештің режиссерлігімен қойылатын бұл спектакльге көмек көрсеткен Жетісу драма театрының режиссері Аридаш Оспанбаеваға алғыс білдіреміз, – деді студенттер. 

Айта кету керек, бұл қойылым командадағы жас буынның орындауымен ұйымдастырылмақ. Аталмыш қойылым олардың алғашқы қойылымы.