Павлодарлықтар ғасырлар тереңінен Абайға жаңаша көзқарас ұсынды

Павлодарлықтар ғасырлар тереңінен Абайға жаңаша көзқарас ұсынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрме ұлы ойшылдың мерейтойына ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Экспозиция Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінің үлкен залында орналасқан. Көрмеде белгілі ақын, ағартушы Абайға арналған қазақстандық суретшілердің туындылары да қойылған. Графика, кескіндеме және мүсін өнері арқылы Абайдың бейнесі мен рухани мұрасы келушілерге насихатталуда.

– Өте ақылды, білімді адам, өмір мен қоғам жайында терең ойланған философ. Абай қоғамның адамға әсерін жіті бақылаған. Қоғамдағы кемшіліктерді көргенде оның жүрегі ауыратын. Оны қазақтың Дон Кихоты деуге болады: өмірлік қиындықтарға қарамастан, ол өз сенімдеріне адал болып, қоғамның кемшіліктерімен күресті – дейді көркемсурет музейінің өнертанушысы Ольга Пашко.

Көрмеде ұсынылған мүсіндердің авторларының қатарында  Игорь Крестовский мен Ермек Серкебаев бар. Сондай-ақ, көру қабілетін ерте жоғалтқанына қарамастан, Абайдың әсерлі мүсіндік бейнесін жасаған павлодарлық шебер Кәкен Тімерғалиевтің жұмысы да бар. Экспозицияда ерекше орын алатын – Владимир Барановтың кескіндемелік портреттері: бірі  фотосурет негізінде жасалған, екіншісі – автордың шығармашылық қиялымен қайта ойластырылған. Онда түстер мен композиция арқылы ойшылдың ішкі күйзелісі, әсіресе, үлкен ұлын жоғалтқандағы жан күйігі бейнеленген.

– Әр суретші Абайдың бейнесін өзінше көреді, бірақ барлық туындылардан оның тұлғасының асқақтығы сезіледі, – деп атап өтті Ольга Пашко.

Көрменің тұсаукесері 10 тамыз күні Н.Нұрмахаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде өтеді.