Иманбек алтын платина дискін Asar-Ume қорына сыйға тартты

Иманбек алтын платина дискін Asar-Ume қорына сыйға тартты

Grammy иегері Иманбек Зейкенов  «100 отбасы мен 500 бала» жобасына өз үлесін  қосуға ниет білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Бұл туралы Asar-Ume қоры өзінің Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды. 

–  Asar-Ume қоры  100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосады. Әркімді бұл қайырымдылық шарасына үлес қосуға шақырамын. Жұмыла кіріскен істің нәтижесінде 500 бала  өз баспанасында өмір сүретін болады, – деді  музыкант.

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов  ағылшын-норвегиялық музыкалық продюсер әрі диджей Алан Уокермен бірге 2021 жылдың 11 маусымында «Sweet Dreams» бірлескен синглы мен бейнеклипін шығарып, алтын платина дискін алған.

Asar-Ume қоры  қала тұрғындарын 31 наурызда Asar-Ume «Ертіс» қонақ үй кешеніндегі «Ертіс» мейрамханасында ауызашарға шақырады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 15 наурызда қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от asar-ume (@asarume_kz)