Павлодарлық студенттер әскери қызметшілерге қонаққа барды

Павлодарлық студенттер әскери қызметшілерге қонаққа барды

5512 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға Павлодар қаласы ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері шақырылды. 

– Ашық есік күні – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. Әскери бөлімнің қолбасшылығы әскери бөлім бойынша толыққанды экскурсия ұйымдастырды. Студенттерге әртүрлі роталардың  казармалары, сабақ өткізуге арналған кабинеттер, спорт бұрыштары көрсетілді. Студенттер жауынгерлердің күнделікті өмірімен  жақынырақ танысты. Әскери қызметшілер экскурсияны жалғастыру барысында жауынгерлік дайындықтың элементтерін көрсетті, – деді баспасөз қызметінде. 

Сонымен қатар жастар әскери бөлімнің құрылған күнінен бастап барлық тарихи деректер сақталған тарихи мұражайда болды. 

Әскери қызметшілер қонақтарға әскери бөлімде қызмет ететін әскери қару-жарақ пен әскери техника жайлы, кинолог маман жалпы оқу курсы жөнінде айтып берді.