Павлодарда есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген шетелдік ұсталды

Оқиға «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Патрульдік полиция экипажы күдік тудырған автокөлікті тоқтатқан. Медициналық куәландыру кезінде шетел азаматының есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы – «Есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші көлік жүргізу құқығынан шеттетілді.
Полиция қызметкерлері көлік тізгінін мас күйде басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп екенін ескертеді.