14 мамырда Павлодар облысында бұршақ пен жаңбыр жауады

14 мамырда Павлодар облысында бұршақ пен жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде түнде +10...+15 градус, ал күндіз +22...+27 градус жылы болады. Облыстың көп бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +11...+13 градус, ал күндіз +24...+25 градусты көрсетеді.