Павлодарлық құтқарушылар студенттерге жұмысқа орналасу жолдарын түсіндірді

Павлодарлық құтқарушылар студенттерге жұмысқа орналасу жолдарын түсіндірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ИнЕУ-де өткен жұмыс берушілер форумына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тәжірибелі қызметкерлер болашақ түлектерге құтқарушы мамандығының қыр-сыры мен мансаптық мүмкіндіктерді таныстырды.

Кездесу барысында ТЖД өкілдері ИнЕУ мен оның жоғары колледжінің студенттеріне ведомствоның атқаратын негізгі міндеттерін баяндап берді. Жастар өрт сөндіру, төтенше жағдайларды жою және халық арасындағы профилактикалық жұмыстардың қалай жүргізілетіні туралы ақпарат алды.

Департамент мамандары қызметке орналасу тәртібіне ерекше тоқталды. Студенттерге үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері және кәсіби өсу перспективалары жайлы егжей-тегжейлі айтылды.

Төтенше жағдайлар саласының мамандары мұндай диалог алаңдары студенттерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт сілтейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, жұмыс берушілермен тікелей тілдесу түлектердің еңбек нарығындағы сұранысты алдын ала түсінуіне көмектеседі.